Close

16.04.2026

Қазақстан Республикасында АЭХА кепілдіктерін қолдану жөніндегі жұмыс тобының кезекті кездесуі.

13-14 сәуір аралығында Астанада Қазақстан Республикасында АЭХА кепілдіктерін қолдану жөніндегі жұмыс тобының (SIRG 2026) кезекті кездесуі өтті, оның шеңберінде АҚБК Қазақстанның ядролық отын циклі саласындағы қызметі, сондай-ақ бұрынғы ядролық сынақ полигондарындағы іс-шаралар мен жоспарлар туралы жаңартылған ақпаратты ұсынды.

Ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауға, оның ішінде ИГР және ИВГ.1М зерттеу реакторларының ЖБУ отынын сұйылту және иммобилизациялау кезінде байланысты мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған негізгі іс-шаралар тұжырымдалды, келесі кездесу 2026 жылдың қазан айына жоспарланған.