Close

25.06.2025

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз!

Реактор отынын сынау зертханасының бастығы Галина Анатольевна Витюкті 10200–Физика ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 23.06.2025 ж. № 964 бұйрығы сайтта жарияланған.

Галина Анатольевна ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалында 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Ғылыми бағытының негізгі саласы – ҚР ҰЯО РМК зерттеу реакторларында жүргізілетін перспективалы энергетикалық реакторлардың ядролық отынын реакторлық сынауды есептік сүйемелдеу, сондай-ақ реакторлық сынақтар жүргізу кезінде қауіпсіздікті негіздеу үшін қолданылатын есептік әдістерді дамыту және жетілдіру. 50-ден астам ғылыми еңбектің бірлескен авторы.

Галина Анатольевнаны лайықты ғылыми атағымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби қызметіне табыс, жаңа идеялар мен жетістіктер тілейміз!