Техника ғылымдарының докторы, профессор Юрий Семенович Черепнин қайтыс болды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ұжымы техника ғылымдарының докторы, профессор Юрий Семенович Черепниннің кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Бұл туысқандарымыз, жақындарымыз үшін, бәріміз үшін үлкен қайғы.
Дарынды ғалым, дана басшы Юрий Семенович әрқашан терең білімімен және ерекше жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленген. Бұндай адамдар ұрпақтар жадында мәңгі сақталады.
Юрий Семеновичтің Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының қалыптасуы мен табысты дамуына қосқан үлесін ерекше атап өткіміз келеді, ол инженерден бастап бас директорға дейінгі еңбек жолынан өттті.
Оның басшылығымен басты міндеттерді шешуге – атом энергетикасын дамытуға және жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін қамтамасыз етуге бағытталған бірегей жобалар іске асырылды.
Кейіннен, ЭТҒЗКИ АҚ басшыларының бірі бола тұрып, Юрий Семенович Черепнин біздің ұйымдар арасындағы перспективалы энергетикалық ядролық реакторлардың қауіпсіздігін негіздеу мақсатында біздің зерттеу реакторларымызды пайдалану бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосты.
Қайғыға ортақтаса отырып, Юрий Семеновичтің әріптестеріне, отбасына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
Оның жарқын есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Бас директор Э.Ғ. Батырбеков
