Close

07.09.2021

БРЕСТ-ОД-300

«Ленин ордені Н.А. Доллежалья атындағы  ғылыми-зерттеу және конструкторлық энерготехника институты акционерлік қоғамы («ЭТҒЗИ» АҚ) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҚР ҰЯО РМК) арасындағы шартты орындау шеңберінде 2021 жылғы 31 тамыз бен 03 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясынан БРЕСТ-ОД-300 реакторлық қондырғысының ТВЭЛ макеттері бар екі сәулелендіру құрылғысынан тұратын эксперименттік СНУП-отынның екінші партиясын жеткізу жүзеге асырылды.

Жұмыстарды жүргізу барысында сәулелендіру құрылғыларын түсіру, тасымалдау, қабылдау-беру және сәйкестендіру бойынша рәсімдер кезең-кезеңімен орындалды. Олардың құрамына кіретін ядролық материалдарды есепке алу және бақылау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілді. БРЕСТ-ОД-300 реакторлық қондырғысының қабылданған сәулелендіру құрылғылары ИГР реакторлық кешенінің қоймасында уақытша сақтауға орналастырылған.

Барлық жұмыстар қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заңнамалық талаптарды сақтай отырып орындалды.