Close

07.04.2021

ПЯОҰКС ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЯДРОЛЫҚ ОТЫНЫ БАР КОНТЕЙНЕРЛЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ ҮЗДІКСІЗ ЖИНАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ

2017 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығымен және АҚШ-тың алдыңғы қатарлы ұлттық зертханаларымен – Окридж және Лос-Аламос Ұлттық зертханаларымен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрігінің және Америка Құрама Штаттарының Энергетика министрлігінің қолдауымен ПЯОҰКС алаңында пайдаланған ядролық отынды құрғақтай ұзақ мерзімді сақтау контейнерлерінің жай-күйін жинау, талдау және үздіксіз бақылау жүйелерін автоматтандыру жобасы басталды. 

Аталған жоба шеңберінде әрбір қойма нақты уақыт режимінде қажетті параметрлерді жинау мен сақтауды жүзеге асыратын арнайы детекторлармен жарақталған. Әрбір осындай құрылғы Не-3 гелийімен толтырылған түтіктен тұратын төмен энергия тұтынуы бар детекторлық жүйе нейтрондарды анықтауға арналған преампер, микроконтроллер негізінде деректерді жинау жүйесі, орналасқан жерді анықтауға және уақытты синхрондауға арналған GPS қабылдағышы, сондай-ақ қуат көзінен тұрады.

Қазіргі уақытта деректерді талдау және жүйенің параметрлерін оңтайландыру бойынша жұмыстар әлі аяқталған жоқ, алайда алдын ала деректер таңдалған жолдың дұрыстығын және ядролық материалдарды таратпау кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін IPOD жүйесін қолдану перспективаларын бағалауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы жаһандық іс-қимылдар көшбасшыларының бірі болып табылатынын ескере отырып, кепілдіктерді қамтамасыз ету және таратпау процестерін жетілдіру бойынша америкалық және басқа да әріптестермен бірлескен күш-жігерді жалғастыру қазіргі сәтте өте өзекті деп санаймыз. Жұмыс нәтижелерінің бірі көрсетілген жүйені 2021 жылғы тамызда Австрияның Вена қаласында Ядролық материалдарды басқару институты (INMM) және Еуропалық кепілдіктер саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер қауымдастығы (ESARDA) өткізетін жыл сайынғы конференцияда пайдалану перспективалары туралы баяндаманы ұсыну болып табылады.