Close

11.12.2020

2020 жылдың 9 желтоқсанында Росатом, TENEX (РФ); Айдахо ҰЗ (АҚШ); ҚР ҰЯО 2020жылдың 10 желтоқсанында Селлафилд (Ұлыбритания); Айдахо ҰЗ (АҚШ); ҚР ҰЯО қатысуымен АТЭХАГ ұйымдастырған кеңес беру кездесулері Кездесулер бейне конференция форматында өткізілді

Екі күндік жұмыстың мақсаты ҚР ҰЯО екі зерттеу реакторлары – ИВГ.1М және ИГР пайдаланған ЖБУ отынымен айналысу мәселелерін талқылау болды.

ҚР ҰЯО және Айдахо Ұлттық зертханасы мамандарының құрамасы тұрақты негізде ойнлайн-сервистердің көмегімен техникалық кездесулер мен кеңес берулер өткізетіндігі аталып өтті, сондықтан ИВГ.1М реакторының ПЯО шығаруға және ИГР реакторының сәулеленген ЖБУ отынын пайдаға жаратуға дайындау бойынша өзара әрекет ету және бағыттау үдірісі пандемияға байланысты тоқтатылан жоқ.  

9 желтоқсанда ИВГ.1М реакторының ЖБУ отынын шығаруға дайындау талқыланды.  TENEX өкілдері Ресей Федерациясында сәулеленген ЖБУ отынын қайта өңдеуге Бірегейлі (экологиялық) жобаны әзірлеу бойынша жұмыстардың статусы турады баяндады, таяуда ҚР ҰЯО, АТЭХАГ және TENEX арасында әзірлеу келісімшартына қол қойылды, отынды РФ енгізу және қайта өңдеуге рұқсат беру құжаттамасын алудың алдын ала мерзімдері аталды.

ҚР ҰЯО тарабынан конверсия бағдарламасы бойынша ұсыстардың статусы бойынша ақпарат берілді, атап айтқанда: перспективалы ТБУ отынын радиациялық материалтану зерттеулерінен кейінгі жұмыстардың аяқталғандығы туралы және Реттеушіден қажетті келісулерді алу, 2021 жылдың басында штатты ТБУ отынын қабылдауға дайындау және оны келесіде ИВГ.1М реакторына жүктеу бойынша жұмыстар туралы, реактордың физикалық және энергетикалық іске қосу кезеңдерін жүзеге асыруға дайындау бойынша жоспарлар туралы, оларды орындау 2021-2022 жылдарға жоспарланып отыр. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар ИВГ.1М реакторы алаңының және оның реактордан ЖБУ отынын түсіріп алудың қауіпсіз шартын қамтамасыз етуге арналған технологиялық жүйелердің  дайындағы, оны көлік контейнерлеріне қаптамалау және қайта өңдеу орнына тасымалдау жұмыстары туралы ақпарат алды. Айдахо зертханасының өкілдері пандемиядан пайда болған қиындықтарға қарамастан жұмыстардың уақытында және сапалы орындалғандығы үшін ҚР ҰЯО үлкен алғастарын білдірді.

10 желтоқсанда ҚР ҰЯО мамандарымен әзірленген ИГР реакторының сәулеленген ЖБУ отынын иммобилизациялау технологиясы талқыланды, ҚР ҰЯО ұсынып отырған технологияны негіздеуге бір қатар сынақтарды жүргізудің толық жоспарымен таныстыруды ұсынды. ҚР ҰЯО және Айдахо ҰЗ мамандарының бірлескен күшімен әзірленген ИГР реакторының сәулеленген отынын сұйылту және пайдаға жарату бойынша жұмыстардың желілік кестесі ұсынылды, оған сәйкес сұйылту бойынша барлық жұмыстарды 2028 жылы аяқтау жоспарлануда. Селлафилд және АТЭХАГ сарапшылары осы бағытта жүргізілген жұмыстарды жоғары бағалады және бірқатар құнды пікірлер мен ұсыныстар берді.

ҚР ҰЯО Бас директоры – Э. Батырбеков жұмысқа белсенді қатысты және өзінің сөзінде ҚР ҰЯО реакторларының конверсиясы ісіндегі елеулі үдірістерді атап өтті және де ҚР ҰЯО тарабынан оң түпкілікті нәтижеге қол жеткізу – ТБУ отыны бар жаңартылған реакторларды пайдалануды бастау және осы реакторлардың пайдаланылған жоғары байытылған уран отынын пайдаға жарату үшін барлық күш-жігер жұмсалатындығын мәлімдеді.