Close

13.12.2019

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен!

2019 жылдың 13 желтоқсанында ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиналыста АЭИ филиалының қызметкерлері Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Тәуелсіздік күні – қазақстандықтардың өміріндегі аса маңызды мереке. Шамамен отыз жыл бұрын Қазақстан халқы еркін және тәуелсіз мемлекеттің пайдасына өз таңдауын жасады. Алайда бұл оңай жол болмады, бірақ қазір Қазақстан халықаралық аренада танымал және әлемдік нарық жүйесі арасында лайықты орынға ие болды. Елімізді шетелдік серіктестер құрметтейді, басшылардың пікіріне құлақ асады.

ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының қызметкерлері Қазақстанның атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы саясатын сәтті іске асыру арқылы, елді дамытуға маңызды үлестерін қосты және әрі қарай да өз үлестерін қосуды жалғастырады. Біздің алдымызда өте үлкен мақсаттар тұр, дегенмен біз өзіміздің әлеуетімізді білеміз және қойылған мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

Барлық кәсіпорын қызметкерлерін мерекемен құттықтаймыз! Нағыз адами бақытты, мықты денсаулық, бейбітшілікті, адалдықты, өзара түсіністік пен келісімді, тұрақтылықты және ертеңгі күнге деген сенімділікті тілейміз!