ИГР РЕАКТОРЫ
ИГР импульстік зерттеу реакторы – жылу нейтрондарындағы өзін-өзі сөндіретін уран-графитті біртекті реактор болып табылады. 1958 жылы құрылған. 1960 жылы физикалық іске қосу жүргізіліп, реактор пайдалануға берілді. Үлкен интегралды қуатты импульстік реакторлардың ішінде ИГР реакторы диаметрі 228 мм және биіктігі 3825 мм эксперименттік каналдағы жылу нейтрондарының ең жоғары флюенсіне ие. ИГР реакторының техникалық сипаттамалары: Жылу нейтрондар […]