РАДИАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін барлық ұйымдарға радиациялық бақылау жүргізу бойынша өз қызметтерін ұсынады.
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының бөгде ұйымдарда радиациялық бақылау жүргізу жөніндегі қызметін Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті лицензиялаған (ҚРАЭА АҚБК-нің 02.09.2025 жылғы № 25030728 «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету» лицензиясы). Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (түрлері):
- Персоналдың жеке дозиметриялық бақылау;
- Өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің құрамын анықтау, радон мен басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу;
- Радон мен басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу;
- Өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің құрамын анықтау;
- Аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау.
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының радиациялық қауіпсіздік қызметінің өз иелігінде жүргізілген жұмыстардың сипатына және иондаушы сәулелену көздерінің типіне байланысты қажетті радиациялық өлшеулерді орындауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы сертификатталған (қолданыстағы сертификаттары мен жарамдылығы және тексеру туралы куәліктері бар) ұтқыр жабдығы бар.
Радиациялық қауіпсіздік қызметі жүзеге асырады:
- аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау;
- жергілікті жерге шығу және жергілікті жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу, радиациялық қауіптілік дәрежесін бастапқы бағалау және т.б.;
- персоналдың жұмыс орындарында иондаушы сәулелену дозаларының қуатын өлшеу;
- үй-жайларда және іргелес аумақтарда иондаушы сәулелену қуатын өлшеу;
- жұмыс беттері мен жабдықтарының, жеке және ұжымдық қорғау құралдарының, жұмысшылардың терісінің радиоактивті ластану деңгейін анықтау және өлшеу;
- мониторингтік деңгейлерді белгілеу және статистикалық деректерді жинақтау арқылы ауадағы радонның мөлшерін өлшеу.
Байланыстар:
180010, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі, 10, тел.: 8 (722-51) 2-75-49, 2-72-10, е-mail: iae@nnc.kz;
Радиациялық қауіпсіздік қызметінің бастығы – Круглыхин Александр Александрович, тел.: 8 (722-51) 2-75-49, ішкі. 42-83, е-mail: kruglykhin@nnc.kz







