Close

07.08.2026

INESS-2026 конференциясының қорытындысы

2026 жылғы 5-7 тамыз аралығында Астана қаласында Назарбаев Университетінің базасында International Conference on Nanomaterials and Advanced Energy Storage Systems (INESS-2026) халықаралық конференциясы өтті.

INESS-2026 – материалтану, нанотехнология, экология, жаңартылатын энергия және энергия жинақтау жүйесі саласындағы заманауи жетістіктерге арналған ең ірі халықаралық ғылыми конференциялардың бірі.

INESS-2026 бағдарламасы жоғары тиімді материалдар, энергияны жинақтау және түрлендіру жүйесі, электрхимиялық технологиялар, материалтану саласындағы жасанды интеллект, сенсорлық жүйе, катализ, ядролық энергетика материалдары саласындағы заманауи жетістіктерге, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және өнеркәсіптік трансформация мәселелеріне арналды.

Конференцияда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Атом энергиясы институты» филиалын арнаішілік сынақтар, эксперименттік жылу физикасы, сәулелендіру құрылғыларының жылу физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханаларының, сондай-ақ Сутегі энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттер орталығының сутектік және плазмалық технологиялар, перспективалық материалдар зертханасының қызметкерлері таныстырды.

Конференцияда филиал қызметкерлері атом және сутегі энергетикасын дамытудың өзекті бағыттары бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Сәулелендіру құрылғыларының жылу физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері Қабдылқақов Ержан Асқарұлы «Numerical Simulation of the Thermal State of an Electroslag Remelting Mold During the Processing of Solid Radioactive Waste», ал эксперименттік жылу физикасы зертханасының аға ғылыми қызметкері Толеубеков Куанышбек Оразбекович «Assessment of Volume and Radiological Characteristics of Solid Radioactive Waste Generated During the Decommissioning of the BN-350 Reactor» тақырыбында баяндама жасады. Ұсынылған жұмыстар «Қатты радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу технологиясын таңдау және іске асыру негіздемесі бойынша ҒЗЖ» (ЖТН BR24993118) тақырыбы бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындалды.