Close

28.10.2019

Зерттеу және сынау реакторларын конверсиялау бойынша халықаралық кеңесі

ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының қызметкерлері 2019 жылдың 06 қазанынан 09 қазанға дейін Хорватияда өткізілген зерттеу және сынау реакторларын конверсиялау бойынша халықаралық кеңесіне қатысты.

Іс-шара аясында 3 баяндама ұсынылды:

  • ИВГ.1М реакторында төмен байытылған отынмен отындық жинақтарды реакторлық ішілік сынау (баяндаушы В.С. Гныря);
  • ИГР реакторын конверсиялау үшін келешек отынын реакторлықтан тыс сынау (баяндаушы: Ю.Ю.Бакланова);
  • ИВГ.1М реакторында жобалық апаттарды талдау (баяндаушы: Р.А. Иркимбеков).

Бұдан басқа, DOE, ANL, INL және АТЭХАГ өкілдерімен екі тараптық кездесулер жүргізілді, барысында ИВГ.1М және ИГР зерттеу реакторларына конверсиялауды жүргізудің кейінгі қадамдарының мәселелері талқыланды.

ҚР ҰЯО РМК реакторларын төмен байытылған отынға ауыстыру бойынша жұмыстардың орындалатын көлемі және де ұсынылған баяндамалар біздің шетелдік серіктестермен жоғары бағаланды.