Close

28.10.2019

«Cormit-II» жобасы бойынша жапон мамандарымен техникалық кездесу

Toshiba Energy Systems & Solutions Corporation жапондық корпорациямен бірлесе орындалатын «Cormit-II» халықаралық жобасын іске асыру аясында 2019 жылдың 9 және 10 қазанында жапондық және қазақстандық техникалық мамандардың кезекті жоспарлы кездесуі жүргізілді. 2019-2020 жылдарға арналған келісімі бойынша 2 ірі масштабты және 8 кіші масштабты эксперименттерді орындау жоспарлануда. Кездесу нәтижесінде жапон мамандары ВЧГ-135 және «Лава-Б» эксперименттік қондырғыларды, «Ангара» стендтің технологиялық жүйелерін қарады. Жапондық және «Атом энергиясы институты» қазақстандық мамандары 2019 жылдың қаңтар айында жүргізілген RT-8 экспериментінен алынған нәтижелері және RT 9-12 серия келешек эксперименттерді жүргізудің техникалық шарттары талқыланды.

«Cormit-II» жобасы ауыр апат жағдайында ыстыққа төзімді материалдармен жеңіл сулы ядролық реактордың активтік аймағының (кориум) балқытылған материалдарының өзара әрекеттесуін зерттеуге бағытталған. Қазақстандық және жапондық мамандардың бірлескен жұмысы кориумда қалдық энергия бөлуді имитациялау жағдайларында әр түрлі қиын балқитын материалдармен (цирконий диоксиді және алюминий тотығы секілді) кориум контактісінің нәтижелерін эксперименттік және материалтанушылық зерттеулер топтамасын жүргізуде болады. Зерттеудің барлық тәжірибелік бөлігі «Атом энергиясы институты» филиалының эксперименттік базасында жүргізіледі. Ірі масштабты эксперименттер «Ангара» стендінің «Лава-Б» қондырғысында, ірі масштабты – ЖЖГ-135 қондырғысында жүргізіледі. Барлық қондырғылар «Байкал-1» зерттеулік реакторлар кешенінің аймағында орналасқан.