Тбилиси қаласында Халықаралық семинар (Грузия)
2019 жылдың шілдесінде Грузияның астанасы Тбилиси қ. «Орталық Азия және Шығыс Еуропа мемлекеттеріне арналған кепілдіктер бойынша аймақтық семинар» халықаралық оқыту семинары өтті.
Халықаралық оқыту семинарына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікістан, Өзбекстан, Молдова, Белоруссия және Грузия мемлекеттерінің өкілдері қатысты. Осы семинарға ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының атынан бақылау және есепке алу бөлімінің жетекші инженері Н.А. Бабич қатысты.
Семинар Тбилиси қаласының орталық бөлігінде орналасқан Бостандық алаңындағы Courtyard Marriott отелінің конференц-залында өтті.
Оқыту курстарының бағдарламасы өзіне лекцияларды және тәжірибелік тапсырмаларды енгізеді. Оқыту нәтижелері бойынша семинар қатысушыларына сертификаттар тапсырылды.
Семинар қатысушылары үшін Грузияның бірінші астанасы, біздің заманымызға дейін IV ғасырдан V ғасырға дейін (Шығыс Грузия) Иберия патшалығының астанасы болған Мцхета қаласына экскурсия ұйымдастырылды.


