Close

10.02.2020

SAIGA жобасы

2020 жылдың 07 ақпанында бейне-конференция арқылы Атом энергиясы және баламалы энергия көздері жөніндегі француз комиссариатының мамандарымен екінші техникалық кездесу өтті.  Кездесу ИГР зерттеу реакторында жылу тасығыштың шығынын толық жоғалту жағдайларында ASTRID реакторының моделді жинағына сынақ жүргізу мүмкіндігін техника-экономикалық негіздеу кезеңінің аясында өтті. Негізгі талқыланған сұрақтар бұрында ұсынылған эксперименттік құрылғыны эскиздік жобалаудың нәтижелері, эксперименттік құрылғының нейтронды-физикалық және жылугидравликалық сипаттамаларын есептеу зерттеулерінің нәтижелері болды. Бұдан басқа ҚР ҰЯО РМК  АЭИ филилының мамандарымен тұзақты натрий контурының жобалық жұмыстарының алдын ала нәтижелері қарауға ұсынылды және кейінгі техникалық кеңестердің жоспары келісілді.

Француз комиссариатының мамандарымен зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейде орындалғаны атап өтілді.