SAIGA жобасы бойынша қашықтықтан техникалық кездесу
2020 жылдың 16 қарашасынан 18 қарашасына дейін бейне байланыс арқылы ядролық энергия мен балама көздер (CEA) бойынша француз комиссариаты өкілдерімен SAIGA жобасы бойынша қашықтықтан техникалық кездесу жүргізілді. Бұл кездесу тұзақты натрий контурын пайдаланумен ИГР реакторында ASTRID келешек реакторын модельдік құрастыруға сынау бойынша SAIGA жобаның эксперименттік бөлігін орындауды бастау қарсанында бастапқы болады. Конференция барысында тұзақты натрий контурын жобалау бойынша техника-экономикалық зерттеулер аясында орындалған нәтижелерге, эксперименттік құрылғының құрамында тұзақты натрий контурының жылу-гидравликалық есептерінің нәтижелеріне, сынау режимінде модельдік ЖБЖ құрамында сынақ бөлімінің конструктивтік элементтері мен отынның деградациясы және белгіленген режимге жету процессінің жылу физикалық есептеріне жататын техникалық мәселелер талқыланды. Француз тарапынан сынақтарды жүргізу кезінде эксперименттік құрылғының, тұзақты натрий контурының және реактордың параметрларына техникалық талаптар ұсынылды. Қазақстандық тараптың келісім-шартының тармағына сәйкес тұзақты натрий контурын, ампуланы және отындық таблеткалар партиясын жасау үшін қажетті материалдар мен жабдық тізімінің алдын-ала нұсқасы, сондай –ақ SAIGA жобасынының эксперименттік бөлігін орындаудың толық жоспар-кестесі ұсынылды. Бейне конференцияның нәтижелері бойынша есептік материалдар құрамы туралы келісімдер және тұзақты натрий контурын, эксперименттік құрылғыны жобалау бойынша міндеттерді шешуге бағытталған тар мамандандырылған техникалық мәселелерді талқылау үшін екі ұйымның арасында қашықтықтан келесі жұмыс кездесулерін жүргізу және параметрларды өлшеу құралдарымен оны жабдықтау қажеттілігіне қол жеткізілді.