Close

05.09.2019

Оқу-жаттығу дабылы: «135 ғимаратында «Байкал-1» ЗРК қауіпті өндірістік объектілерде өндірістік (зертханалық жайларда) өрт басталуы»

2019 жылдың 27 тамызында материалтану сынақтары бөлімінің қызметкерлерімен 135 ғимаратында ««Байкал-1» ЗРК қауіпті өндірістік объектілерде өндірістік (зертханалық жайларда) өрт басталуы» оқу-жаттығу дабылы жүргізілді. Оқу-жаттығу дабылы барысында материалтану сынақтары бөлімінің радиациялық материалтану зертханасында электр эрозиялық білдектің тұтануы имитацияланды.

Оқу-жаттығу дабылын жүргізу кезінде материалтану сынақтары бөлімінің, ядролық және өндірістік-техникалық объектілерді радиациялық бақылау бөлімінің, физикалық қорғау және қауіпсіздік бөлімінің, «Байкал-1» ЗРК радиоактивтік заттармен айналысу бойынша қызметтің, «Байкал-1» ЗРК электр энергетикалық қызметтің, «Байкал-1» ЗРК көлік телімінің автоколоннасының, «Байкал-1» ЗРК денсаулық сақтау орнының, диспетчерлік бюро пунктінің, өрт сөндіру бөлімінің кезекші қараулының персоналы іске қосылды. Бақылаушы ретінде өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі инженер қатысты.

Оқу-жаттығу дабылы персоналдың өрттің басталуы туралы ақпаратты дұрыс қабылдау және талдау, оны жою бойынша тиімді шешім қабылдау, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің жаттыққан әрекеттерін және адамдардың жаппай келу кезінде қауіпті өндірістік объектілерде өрттерді сөндіру бойынша әрекеттерін жүргізуге кезекші қарауылдың дайындығын тексеру қабылеттілігін көрсетті.

Сонымен, оқу-жаттығу дабылын жүргізудің барлық сатыларында барлық жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалды.