«НИКИЭТ» АҚ ынтымақтастық
2019 жылдың тамызында ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалында «НИКИЭТ» АҚ және ҚР ҰЯО РМК өкілдерінің қатысуымен бірінші техникалық кеңесі өтті. Кеңесте ИГР реакторында БРЕСТ-ОД-300 реакторының келешек отынын сынау жобасы бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі талқыланды. Эксперименттерді жүргізу, тәжірибелік үлгілерді тасымалдау, олардың құрылымын және сынау параметрларына қатысты мәселелер қозғалды. Отынды сынау жүргізу мақсатында реактордың қуатының жылдам өсу жағдайында оның беталысын зерттеу.
Анықтама үшін: «Прорыв» Ресей жобасы — ядролық энергетикада басты маңызды жобалардың бірі. «Прорыв» жылдам нейтрондарда реакторларды пайдаланумен тұйықталған отындық циклдың базасында жаңа буынды ядролық энергетикалық технологияларды жасауды қарастырады. Жоба БРЕСТ-ОД-300 эксперименттік реактордың және тұйықталған отындық циклде отынды жасап шығару және ПЯО қайта өңдеу зауыттарынан тұратын көрсету кешенінің құрылысы түрінде іске асырылады.
Дереккөзі: http://proryv2020.ru/smi/rossiya-stroit-unikalnyy-yenergokomplexs/