Close

29.07.2020

КТМ токамагында ваккумдық камераның қымтаулығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар

Плазманың аса жоғары параметрларын алуға қажетті ВК сапалық тазалауды қамтамасыз ететін температураға дейін оны қыздыру кезінде КТМ токамагінің ваккумдық камерасының қымтаулығының шарттарын қамтамасыз ету үшін ВК цилиндрлік бөлігімен (ернеуше) экваторлық келтек құбырларды және ВК қақпақтарының фланецтік қосылыстарын дәнекерлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. 

Дәнекерлік жұмыстар аяқталғаннан кейін 190 °С дейін қыздырып, пайдаланудың жұмыс жағдайларында КТМ ВК қымтаулығына тексеру жүргізілді.

ВК пісірілген масс-спектрларды және 2019 жылы жүргізілген физикалық іске қосудың (ФІ) қорытынды кезеңін жүргізу кезінде алынған спектрлардың салыстырмалық талдауы, ауадан ағуына сәйкес газды құрамы бойынша бұзылуы байқалмайтынын көрсетті.

ВК 45 °С температураға дейін суығаннан кейін, ExTorr 200M масс-спектрын қолдану арқылы ВК гелиймен үрлеу әдісімен ағу жолдарына іздеу жүргізілді, ағу жолдары анықталмады.

Орындалған жұмыс ФІ қолданылған 130°С –тан 190°С дейін КТМ ВК қыздыру температурасын арттыруға, плазма параметрларына оң әсер ететін ваккумдық шарттардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.