Close

06.02.2020

КТМ токамагы

ҚР ҰЯО РМК Казань қаласында 2017 жылдың 26 мамырында ТМД елдерімен қол қойылған КТМ токамагін бірлесіп пайдалану туралы үкімет аралық Келісімге сәйкес, ғылыми зерттеу бағдарламасы іске асырылады.

Зерттеу бағдарламасында қазақстандық тараптан «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «Ядролық физика институты» РМК қатысады. РФ тарапынан зерттеулерде басқарылатын термоядролық синтездің саласында жетекші ғылыми ұйымдар қатысады: Курчатов институты ҒЗО, Йоффе атындағы ФТИ, «Красная звезда» АҚ, МИФИ ҰЗЯУ, ТПУ.

2019-2020 жж. жоспарланған бағдарламаның кезеңдерінің аясында плазма физикасы бойынша бірлескен зерттеулер жүргізіледі, КТМ токамагінің барлық технологиялық жүйелердің жұмыс режімдері жетілдіріледі, КТМ плазмасын басқару жүйесі бапталады, литийлік дивертор, жұмыс газын әуелгі ионизациялау жүйесіне арналған коаксиалды плазмалық үдеткіш, «плазма-қабырға» өзара әрекеттесуін зерттеу үшін материалтану зонды сияқты бірегей құрылғылар мен технологиялар әзірленеді.

Беларуссия Республикасының тарапынан бағдарлама бойынша зерттеулеріне Беларуссия ҰҒА «Сосны-БЭЯЗИ» МҒМ қатысады. Жұмыстардың негізгі бағыты – түрлі токамактарда зерттеу бойынша ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ауыстыру үшін интернет-ресурс жасау; біріктірілген деректерді өңдеу жүйесі – ГРИД жасау.

Қазіргі сәтте бағдарлама басқарылатын термоядролық синтездің бағытында беделді журналдарда жарияланатын өзінің тиімділігін және жақсы нәтижелерін көрсетті. Курчатов институты ҒЗО мамандардың қатысуымен 2019 жылдың 20 қарашасында КТМ токамагін физикалық іске қосудың қорытынды кезеңі жүргізілді.

 

Мәлімет үшін:

Ғылыми зерттеу бағдарламасы 2018 жылдың 2 наурызында ТМД Экономикалық кеңесімен бекітілді.

КТМ токамагін бірлесіп пайдалану туралы үкімет аралық Келісімі РФ Казань қ. 2017 жылдың 26 мамырында қол қойылды.

Үкімет аралық Келісімге 6 мемлекет қол қойды: Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Қырғыстан, Армения, Тәжікістан. Келісімнің басты мақсаты – қазақстандық материалтану токамагында ТМД елдерінің түрлі ғалымдарымен ғылыми зерттеулерді жүргізу механизмін жасау. Келісім Қазақстан аумағында мамандармен бірегей эксперименттік кешенді бірлесіп пайдалану үшін құқықтық негізін жасайды. ҒЗЖ Бағдарламасын басқару АТОМ-ТМД Комиссиясының отырысында жылсайынғы есептілігімен АТОМ-ТМД Комиссиясының Хатшылығы арқылы өтеді.

Қазіргі уақытта, 2020 жылы ТМД Экономикалық Кеңес отырысында бекітілуі ұсынылатын, 2021-2023 жж. арналған КТМ токамагында бірлескен зерттеулердің бағдарламасы әзірленуде.