Кориум касиеттерін зерттеу
«ҚР Атом энергетикасын дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламаның шеңберінде модельдік эксперименттерде алынатын кориумның физика-химиялық және жылу физикалық қасиеттерінің зерттеулері жүргізіледі.
Кориумның касиеттері және активтік аймақты балқытумен және ядролық реакторлардың ауыспалы және апаттық режімдерде отынның, материалдардың және конструкцияның бет алысымен байланысты процесстер туралы деректері, жоғары қауіпсіздігі бар жаңа АЭС жобалау кезінде және де апаттық АЭС кориуммен айналу бойынша іс-шараларды жоспарлау және іске асыру үшін өте қажет.
Ауыр апат кезінде ядролық реакторда кориуммен болатын процесстерді модельдеу бойынша эксперименттер, бірегей зерттеу құралы болып табылатын, үлгілерді 3000 °С дейін қыздыру жүргізуге мүмкіндік беретін ВЧГ-135 жоғары температуралық имитациялық стендте жүргізіледі. Эксперименттерде температураның негізгі өлшеу құралы ретінде вольфрам-рений термопарлары, ал температураны түйіспесіз өлшеу үшін пирометрлер пайдаланылады. ВЧГ-135 стендінде қыздырудан кейін үлгілердің зерттеулері (жаңа жабдықтарды пайдаланумен жүргізіледі, рентгендік дифрактометр Enpyrean, оптикалық және сканерлейтін электрондық микроскоптар, УТФИ-2 жылу физикалық қасиеттерін белгілеу бойынша қондырғы).
2018 жылы ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша жұмыстардың шеңберінде кориум қасиеттерінің және құрамдарының классификациясы жүргізілді, сипаттама қауіпсіздігі жүйесін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешу үшін анықтайтын, негізгі және қажет ететін факторлар анықталды. Классификация негізінде талап етілетін құрамдағы кориумды алу әдістемесі жасалды. Әдістемені өңдеу процессінде қатқан балқытпалар және екі түрлі құрамдағы кориумды балқыту температуралары бойынша деректері алынды.
2019 жылы қатқан балқытпаның сипаттамаларын зерттеу әдістемесі апробацияланды және әзірленді. Индукциялық тәсілмен алынған кориумда қалдық энергияны шығарудың компьютерлік модельдеуі жүргізілді.
Ағымдағы жылы кориумның жылу физикалық, физика-химиялық және құрылымдық қасиеттері бойынша деректерін алу бойынша жұмыстары аяқталады.