JAEA, MUS және ҰЯО мамандарының post-EAGLE-3 халықаралық келісімшарты бойынша техникалық кездесуі
2025 жылғы 3-5 қараша аралығында Курчатов қаласында JAEA, MUS және ҰЯО мамандары арасында post-EAGLE-3 халықаралық келісімшарты бойынша бесінші техникалық кездесу өтті, онда төртінші буын JSFR конструкциясының негіздемесіне реакторішілік және реактордан тыс зерттеулер жүргізу мүмкіндігін техникалық-экономикалық негіздеу (ТЭН) жөніндегі жұмыстар орындалады. Техникалық кездесудің негізгі күн тәртібі есептік-теориялық зерттеулер жүргізудің күнтізбелік жоспарына сәйкес ТЭН орындалатын кезеңдерінің мәртебесін айқындау, реакторішілік және реактордан тыс эксперименттік құрылғыларды жобалауға байланысты техникалық талаптар мен мәселелерді талқылау, сондай-ақ оларды сынау режимдерін негіздеу, ТЭН кезеңдерін орындау мерзімдерін, есептің және ұсынылатын материалдардың құрылымын талқылау болып табылады. Уақыттың бір бөлігі 2026 жылдың маусымына қол қою жоспарланған EAGLE-4 эксперименталдық бағдарламасының жаңа келісімшарт жобасын дайындау және келісу мерзімдерін талқылауға арналды. JAEA командасын ҰЯО эксперименттік алаңдарында жүргізілетін жұмыстардың тапсырыс берушілері және зерттеулердің кураторлары болып табылатын мамандар ұсынды.
Жалпы, кездесу жоғары техникалық деңгейде өтті, JAEA серіктестері техникалық мәселелер шеңберін тиімді талқылауға қатысты өздерінің оң бағаларын берді және жұмыс кезеңдерін орындаудың қысқа мерзімдеріне байланысты проблемаларды түсінуді растады.
Кездесу қорытындысы бойынша хаттама шығарылды, онда тараптар алдағы әрекеттер, міндеттемелер, сондай-ақ 2026 жылғы 26 қаңтарға жоспарланған келесі техникалық кездесу туралы уағдаласты.

