Close

28.09.2017

ИВГ.1М реакторында сынақты іске қосу

2017 жылдың 27 қыркүйегінде ИВГ.1М реакторында оның жүйелері мен элементтерінің нақты жұыс жағдайында жұмысқа абілеттілігін тексеру мақсатында сынақты іске қосу жүзеге асырылды. Тәжірибелі пайдалану режимінде реактордың жаңадан жетілдірілген ақпарттық-өлшеу жүйесі, сондай-ақ активтік зона құрамындағы төмен байытылған отыны бар екі эксперименттік ССТ-ҒБУ алғашқы рет сыналды. Сынақты іске қосуды жүргізу кезінде реактор ретімен 1кВт, 100 кВт, 300 кВт, 1МВт және 3 МВт қуаттарына қысқа уақытқа шығарылды, осыған қарамастан реактор жүйелері штаттық түрде жұмыс істеді.