Close

19.06.2020

ИВГ.1М реакторында ССТК-ТБУ жаңа отынымен жұмыс туралы

2020 жылдың 18 маусымында өткізілген бейне конференция барысында ҚР Ұлттық ядролық орталығының және Аргон ұлттық зертханасының (АҚШ) мамандары ИВГ.1М реакторын конверсиялау бойынша іске асырылатын жобаның техникалық мәселелерін талқылады.

Төмен байытылған уран отыны бар (ССТК-ТБУ) екі сәулелендірілген сумен салқындататын каналдарының зерттеу нәтижелері қарастырылды, реактордың физикалық іске қосу кезеңіне дайындаудың ағымдағы мәселелері талқыланды, жұмыстардың кейінгі жоспарлары бойынша шешімдер келісімделді және қабылданды.

Мәлімет үшін: 2014 жылдың 10 шілдесінде «ЛУЧ» ҒӨК ҒЗИ ФМБК ҚР Ұлттық ядролық орталығына екі тәжірибелік технологиялық каналдарды жеткізуді жүзеге асырды. Тәжірибеленген ССТК-ТБУ ресурстық сынақтарды жүргізу үшін ИВГ.1М реакторының белсенді аймақтың ұяшықтарына жүктелді. Сынақтардың мақсаты – бар активтік аймақтың құрамында екі ССТК-ТБУ жұмысқа қабылеттілігін тексеру, каналдардың техникалық талаптарына сәйкестігін анықтау және ИВГ.1М реакторының активтік аймағын онымен жинақтау үшін ССТК-ТБУ каналдарының партиясын жасау туралы шешім қабылдау үшін қажетті деректерді алу.

Екі тәжірибелік ССТК-ТБУ сынау нәтижесінде жобалық мағыналарына олардың сипаттамаларының сәйкестігі расталынды және олардың жұмысқа қабылеттілігі көрсетілді. Қазіргі сәтке аяқталған реакторлықтан кейінгі материалтану зерттеулері ИВГ.1М реакторын төмен байытылған отынға ауыстыру бойынша міндеттерді орындау үшін эксперименттік отынды пайдалану мүмкіндігін біржола анықтайды. Бұл активтік аймақты отыз жаңа ССТК-ТБУ жүктеуді және физикалық іске қосудың кезеңін жүргізуді 2021 жылы жоспарлауға негіз береді, сәтті іске асыру кезінде ТБУ отыны бар ИВГ.1.М реакторының энергетикалық іске қосылуы 2023 жылы болуы ықтимал.