Close

27.11.2019

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» (ХҒТК -2019)

ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының қызметкерлері «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ ұйымдастырылған «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (ХҒТК-2019) жұмысына қатысты. Осы конференцияның мақсаты әлемнің ядролық индустрияның барлық компанияларын ғылыми-техникалық біріктіруге көмектесу болады.

Конференция аясында 250-ден жоғары баяндамалар, оның ішінде 140 –тан астамы ауызша, келесі бағыттар бойынша ұсынылды: 

  • уран минералды-шикізат базасын кеңейту және бекіту, оны болжаудың және барлаудың қазіргі әдістері;
  • атом өнеркәсібінде сандық технологияларды қолдану мен энергияны және ресурстарды сақтаудың, уранды жер асты шаймалау (ЖШ) технологияларын сәйкестендірудің және тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері;
  • реакторлыққа дейінгі ядролық –отындық циклдың технологиялары және өзекті мәселелері – конверсиясы, байыту, ядролық отын өндірісі;
  • сирек, сирек жер металлдар және оның негізінде жоғары технологиялық өнімдердің ресурстері және өндірістің тиімді технологиялары.

Әлемнің 11 мемлекетін ұсынған конференция қатысушыларына құттықтау сөзді «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Г.О. Пирматов айтты.