Халықаралық оқыту курсы «25th INSA International Training Course (Theme: Security Contingency Plan)»
2019 жылдың 23 қыркүйегінен 27 қыркүйегіне дейінгі кезеңде Тэджон қаласында (Корей Республикасы) Ядролық таратпау және бақылау бойынша Корея институты (KINAC) және Ядролық таратпау және қауіпсіздік бойынша Халықаралық ақадемиясымен (INSA) ұйымдастырылған «25th INSA International Training Course (Theme: Security Contingency Plan)» халықаралық оқыту курсы өтті.
Курста физикалық қорғау жүйесінің функциялығын қамтамасыз етуге көмектесетін, төтенше жағдайларда әрекет ету жоспарын әзірлеуге қатысты ақпараттар болды. Оқыту бағдарламасына төтенше жағдайларда әрекет ету жоспарын түсіну үшін лекциялар және тәжірибелік тапсырмалар енгізілген.
Оқытуға Белоруссия, Вьетнам, Индонезия, Иордания, Қазақстан, Малайзия, БАӘ, Польша және Украина өкілдері қатысты.
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының атынан оқыту курсына ядролық қауіпсіздік және атом энергетикасын дамыту бөлімінің инженері Виталий Алексеевич Поспелов қатысты.


