Close

14.09.2020

ЕХМЗ ақаба және грунт суларына мониторинг жүргізу

ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалымен 2004 жылдан бастап бұрынғы ЕХМЗ (Ертіс химия-металлургиялық зауыты) аумағының және оған іргелес аумағының радиациялық жағдайын тексеру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2020 жылдың тамызында ақаба және грунт суларына мониторинг жүргізу мақсатында сынамаларды іріктеу картасына сәйкес 31 дана санында бақылау нүктелерінен сынамаларды іріктеу жүргізілді. Сынамаларды іріктеу ЕХМЗ пайдаланылатын аумақтардың ашық суқоймаларынан және ұңғымалардан іске асырылды. Сынамаларды тасымалдау зертханалық радиохимиялық және спектрометрлік талдау үшін радиометрлік және спектромерлік өлшемдер тобына арнайы көлікпен іске асырылады.

Қыргүйекте құрамында табиғи радионүклидтер – 234Th, 226Ra, 210Pb, 235U, 227Ac, 228Ra, 228Th, 40K, 238U, 232Th және жасанды радионуклидті 137Cs анықтау үшін грунт суларының сынамаларына зертханалық радиохимиялық және спектрометрлік талдау жүргізілді.

Алдынғы кезеңдерде алынған анықталатын радионуклидтердің құрамы бойынша деректердің салыстырмалы талдауы жүргізілді.