Close

24.04.2020

«Cormit-II» жобасы

Marubeni Utility Services, Ltd-мен ынтымақтастық кезінде Toshiba Energy Systems & Solutions Corporation жапондық корпорациямен бірлессе орындалатын  «Cormit-II»* үш жылдық  халықаралық жобаны іске асыру мақсатында, 2020-2021 қаржы жылына арналған келісім жобасы дайындалды, оның шеңберінде «Лава-Б» қондырғысында екі толық масштабты  RT-11 және  RT-12  экспериментерді және ВЧГ-135 қондырғысында алты кіші масштабты эксперименттерді жүргізу жоспарлануда. Бірінші экспериментке дайындық басталды, нәтижесінде кориум балқытпасының цирконий тотығынан отқа төзімді блоктарымен өзара әрекеттесу процессі туралы деректері алынады.  Экспериментті 2020 жылдың маусым айында жүргізу жоспарлануда.

* «Cormit-II» жобасы женіл сулы  ядролық реакторының активтік аймағының (кориум) балқытылған материалдарының ауыр апат жағдайында ыстыққа төзімді материалдармен өзара әрекеттесуін зерттеуге бағытталған.  Қазақстандық және жапондық мамандардың бірлескен жұмысы кориумда қалдық энергия шығарылу имитация жағдайларында кориумның түрлі баяу балқитын материалдармен (цирконий диоксиді және алюминий тотығы секілді) қосылу нәтижелерінің эксперименттік және материалтану зерттеулердің топтамасын жүргізуде болады. Зерттеулердің барлық практикалық бөлігі «Атом энергиясы институты» филиалының эксперименттік базасында жүргізіледі. Ірі масштабты эксперименттер «Ангара» стендінің «Лава-Б» қондырғысында, кіші масштабты – ВЧГ-135 қондырғысында жүргізіледі. Барлық қондырғылар «Байкал-1» зерттеулік реакторлар кешенінің аумағында орналсқан.