Close

31.01.2020

«Cormit-II» жобасы бойынша техникалық кездесу

Marubeni Utility Services, Ltd. делдалдық кезінде Toshiba Energy Systems & Solutions Corporation жапондық корпорациямен бірлесе орындалатын «Cormit-II»* халықаралық жобасын іске асыру аясында, 2020 жылдың 27-29 қаңтарында жапондық және қазақстандық техникалық мамандардың кезекті жоспарлы кездесуі өтті. 2019-2020 жылдарға арналған келісім бойынша 2019 жылдың 24 желтоқсанында «Лава-Б» эксперименттік қондырғыда RT-9 тест сәтті жүргізілді, нәтижесінде алюминий тотығы мен цирконий тотығы, екі типті кориумның және қызуға берік материалардың өзара әрекетесуі туралы деректері алынды. Осы кездесудің аясында жапондық мамандар ВЧГ-135 және «Лава-Б» эксперименталдық қондырғыларды, «Ангара» стендінің технологиялық жүйелерін барып көрді. Барып көру барысында Toshiba мамандары сынау нәтижелерін және RT-8, RT-9 тестердің материалтану зерттеулерін, кіші масштабты зерттеулердің топтамасын және де 2020 жылдың ақпан айында жүргізуді жоспарлаған RT-10 келесі ұқсас экспериментті дайындау дәрежесін қарап шықты. Кездесуді қазақстандық және жапондық мамандар 2020-2021 жылдарға арналған келесі келісім бойынша ұйымдастырушылық-техникалық мәселелерді талқылады, оның аясында RT-11 және RT-12 тағы да 2 толық масштабты эксперимент жүргізу жоспарлануда.

* «Cormit-II» жобасы ауыр апат кезінде жеңіл сулы ядролық реактордың активтік аймағының (кориумның) балқытылған материалдарының қызуға берік материалармен өзара әрекеттесуін зерттеуге бағытталған. Қазақстандық және жапондық мамандардың бірлескен жұмысын кориумда қалдық энергия шығарылу имитациясының жағдайларында әр түрлі баяу балқитын материалдармен (цирконий диоксиді және алюминий диоксиді сияқты) кориум контактісінің нәтижелерін эксперименттік және материалтану зерттеулерінің топтамасын жүргізуде болады. Зерттеудің барлық тәжірибелік бөлігі «Атом энергиясы институты» филиалының эксперименттік базасында жүргізіледі. Ірі масштабты эксперименттер «Ангара» стендінің «Лава-Б» қондырғысында, кіші масштабты – ВЧГ-135 қондырғысында жүргізіледі. Барлық қондырғылар «Байкал-1» зерттеулік реакторлар кешенінің аумағында орналасқан.