Close

28.06.2019

Балалар қиялындағы әлем

Балаларды қорғау күні құрметіне 2019 жылы 31 мамырда «Мир глазами детей» тақырыбында балалар шығармашылығының көрмесі өткізілді.

ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институты филиалында 3-14 жасқа дейінгі жас суретшілердің қызықты вернисажы өтті. Балалар шығармашылығы көрмесінде мектеп жасына дейінгі балардың сүйікті анимациялық кейіпкерлері миньон мен рапунцельді ғана емес сонымен қатар басқа да түрлі-түсті суреттер мен қолдан жасалған заттарды кездестірдік.

Ересек балалар қала пейзаждары мен «Адам және табиғат», «Флора және фаунамен бірлестік», «Алтын адам», «Африка пейзаждары» тықырыптарындағы суреттерді салды. Сонымен қатар абстракты суреттер де болды.

Атомшылардың отбасынан шыққан жас суретшілердің суреттері ата-аналары мен келушілерді ғажайып балалық шаққа қайта әкелгендей болды. Барлық қатысушылар сыйлықтар мен грамоталар және де тәттілер алды.