Close

29.08.2019

Қазақстан Республикасының Конституция күнімен!

Жыл сайын 30 тамызда Қазақстан үшін маңызды мемлекеттік мейрам – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аталып өтеді. Бұл мейрам 1995 жылы жалпы ұлттық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау құрметіне бекітілген. Осы жылдарда ата Заңымыз өзінің әділдігін, беріктілігін және тиімділігін шыңдады. Конституция еліміздің саяси тұрақтылық кепілі болып табылады. 

2019 жылдың 29 тамызында ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институты филиалында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Жиналыста АЭИ филиалының қызметкерлеріне Құрмет грамоталары тапсырылды.

Кәсіпорынның барлық қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаймыз! Әрбір отбасына тыныштық, молшылық, береке тілейміз!