Close

27.09.2019

АТОМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІ!

Жыл сайын 28 қыркүйек Қазақстан Республикасы атом саласы қызметкері күнін атап өтеді, біздің кәсіби мерекеміз. Атом саласы қызметкері күні ресми түрде Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 12 мамырдағы Жарлығымен белгіленген. Мерекенің заңнамалық дәрежеде құрылу фактісі, қазіргі Қазақстанның экономикасында атом саласының үлкен үлесі туралы айтады.

2019 жылдың 27 кыркүйегінде ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институт филиалында біздің кәсіби мерекемізге орай, салтанатты жиналыс өткізілді. АЭИ филиалының қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және «Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» төс белгілерімен марапатталды.

25 қыркүйекте АЭИ филиалының ғылыми-техникалық кітапханасында Атом саласы қызметкері күніне орай көрме өтті. Көрмеде ғылыми монографиялар, қызметкерлердің мақалалары бар журналдар, филиал қызметкерлері және қызметі туралы баяндайтын плакаттар ұсынылды.

 

Кәсіпорынның барлық қызметкерлерін құттықтаймыз! Денсаулық және осындай қызықты да тартымды жұмыста табыс тілейміз!