АҚШ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ САПАРЫ
Өткен айда ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтын келесі құрамдағы америка делегациясы сапармен келді: Briese Benjamin Burns, АҚШ Энергетика министрлігінің ядролық контрабанданы анықтау және тежеу бөлімінің Қазақстан бойынша бағдарламасының жетекшісі және Kalajdzhyan Vladimir, ҚР-дағы АҚШ елдігіндегі АҚШ ЭМ ядролық контрабанданы анықтау және тежеу жөніндегі Қазақстан бойынша бағдарламасының өкілі.
Шетелдік мамандардың келу мақсаты ядролық контрабанданы анықтау және тежеу бойынша бағдарламаның тұсау кесуі. Осы бағдарлама АҚЩ ЭМ басқарумен және бақылауымен жүзеге асырылады.
Шетелдік мамандардың келу мақсаты ядролық контрабанданы анықтау және тежеу бойынша бағдарламаның тұсау кесуі. Осы бағдарлама АҚЩ ЭМ басқарумен және бақылауымен жүзеге асырылады.
Сапардың барысында таныстырылған ақпараттар бойынша АҚШ ЭМ-де сәйкес бөлім әрекет етеді, ядролық қауіпсіздік бойынша ұлттық әкімшілік қызмет етеді, ядролық криминалистика жөніндегі ұлттық кітапхана құрылды және үнемі толықтырылуда. Америка тарабынан қызығушылық танытқан қазақстандық ұйымдарға, атап айтқанда ҚР ҰЯО ұқсас ұлттық кітапхананы Қазақстан республикасында да құруға көмек көрсететіндігі туралы пікір білдірілді. Алдағы ынтымақтастық туралы ұсыныста айтылды, осы туралы шешім Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тұлғасында үнемі реттеліп тұратын болады. Осыдан кейін ҚР ҰЯО РМК шартты бойынша қатынасты рәсімдеу мүмкін болады.
Делегацияның сапары барысында Атом энергиясы институтының түрлі нысандарына барып қайтты, атап айтқанда «Байкал-1» ЗРК реакторлық кешенін, пайдаланған ядролық отындарды ұзақ уақыт сақтау орнына, бұрынғы Семей полигоны мұражайына.