ИВГ.1М физикалық іске қосылғанына 50 жыл
Биыл біз ИВГ.1. реакторының алғашқы физикалық іске қосылуының 50 жылдығын атап өтеміз.
«Байкал-1» стендтік кешеніне орнатылған ИВГ.1 реакторының физикалық іске қосуы 1972 жылы 18 қыркүйекте өтті. 720 МВт есептік жылу қуаты бар реактор бойынша негізгі техникалық шешімдер 1966 жылы ЭТҒЗКИ әзірлеген эскиздік жобада белгіленді. Жоба су баяулатқышы, газ салқындатқышы және бериллий шағылыстырғышы бар арналық – корпусты аппарат болып табылады. Оның белсенді аймағы 31 жылу шығаратын жинақтан құрылды, сонымен қатар, олардың ортасында нейтрон ағыны аймақ бойынша орташа деңгейден 1,5 есе үлкен болды. Белсенді аймақ оның барлық компоненттерінің жоғары энергиясымен сипатталды. Физикалық іске қосу нәтижесінде реактордың негізгі нейтрондық-физикалық сипаттамалары анықталды және олардың жобалық мәндерге сәйкестігі расталды. 1972 жылғы оқиға әлемдік, әлі күнге дейін ешкім қол жеткізбеген рекордтарға айналған ЖШЖ бірегей реакторлық сынақтарының, белсенді аймақтар модульдерінің, ядролық зымыран қозғалтқыштары мен энергия-қозғалтқыш қондырғылары прототиптерінің сериясын бастау алған энергетикалық іске қосудың алдында болды.
Жаңғыртылған ИВГ.1М реакторы сумен салқындатылатын арналармен жабдықталған, қазіргі уақытта да пайдаланылуда. Ағымдағы жылы, алғашқы физикалық іске қосудан 50 жыл өткен соң, реактор компаниясын айтарлықтай ұлғайтатын жаңа төмен байытылған уран отыны бар ИВГ.1М зерттеу реакторын физикалық іске қосу жұмыстары сәтті аяқталды, бұл 2023 жылы бейбіт атом саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді.