Close

08.12.2025

ҚР ҰЯО АЭИ мамандары Санкт-Петербургтегі «Глобус-М» термоядролық қондырғысында тағылымдамадан өтті.

ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институты филиалының үш адамнан тұратын жұмыскерлері А.Ф. Иоффе атындағы ФТИ-нің (Санкт-Петербург қ.) «Глобус-М» термоядролық қондырғысы базасында тағылымдамадан өтті. Негізгі мақсаты плазманы диагностикалау, қондырғыны эксперименттерге технологиялық дайындау саласында тәжірибе алмасу, эксперименттік жұмыстарға қатысу және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларының перспективаларын талқылау болды. Сапар барысында «КТМ токамактағы зерттеулердің мәртебесі» баяндамасы дайындалып, ұсынылды, сондай-ақ «Глобус-М» қондырғысында плазмалық разрядтарды алу бойынша эксперименттік науқанға қатысты.

             Тағылымдама шеңберінде мамандар жұмыс қағидаттарымен және қондырғының негізгі диагностикалық кешендерін пайдалану ерекшеліктерімен егжей-тегжейлі танысты, оның ішінде: томсон шашырауын диагностикалау (ТШД), оптикалық диагностикалық жүйелер және т.б.

             КТМ токамактың диагностикалық инфрақұрылымын дамытуға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Қайта зарядтау атомдарының талдауыштарын құру тұжырымдамалары, сондай-ақ диверторлық салаға арналған ТШД және КТМ үшін АЖЖ интерферометрін әзірлеу мүмкіндіктері қаралды, вакуумдық жүйелер мен технологиялық жабдықтарды пайдалану, камераны боронизациялау және графитті тайлдарды тазарту әдістемесі бойынша тәжірибе алмасты.

             Жұмыс барысында ҚР ҰЯО АЭИ мен А.Ф. Иоффе атындағы ФТИ арасындағы одан арғы ынтымақтастық перспективалары, соның ішінде ТШД үшін оптикалық элементтерді әзірлеу, жаңа диагностикалық жүйелер құру және бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.