Close

30.10.2023

«Қазіргі физиканың іргелі және қолданбалы мәселелері» конференциясына қатысу

18-23 қазан аралығында Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Физика-техникалық институтында ӨР Ғылым академиясының 80 жылдығына және Материалтану институтының 30 жылдығына арналған «Қазіргі физиканың іргелі және қолданбалы мәселелері» атты халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына Өзбекстанның, Қазақстанның, Жақын және Алыс шет елдердің ғылыми ұйымдарының жетекші мамандары қатысты.

Пленарлық отырыс аясында ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы зертханасының ғылыми қызметкері Н.М. Мухамедова ұсынған «Сутегі жинақтағыш материалдарының құрылымдық-фазалық жай-күйінің эволюциясы» атты баяндама тыңдалды. Ұсынылған баяндама тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды, өйткені әлемде баламалы энергетиканың қарқынды дамуы жүріп жатыр. Стендтік баяндамалар секциясында ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының қызметкерлері М.К. Бекмулдин, К.О. Төлеубеков және Ә. Қайырбековамен сондай-ақ шетелдік әріптестердің қызығушылығын тудырған баяндамалар ұсынды.