Close

10.12.2021

Ғылыми-техникалық ынтымақтастық шекарасын кеңейту

«Қазатомөнеркәсіп «Ұлттық атом компаниясы» АҚ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде ағымдағы жылғы             7-8 желтоқсан аралығында «Үлбі металлургия зауыты» АҚ ғылыми орталығының орталық бастығы М.К. Қылышқановтың, бастықтың орынбасары М.А. Подойниковтың, уран зертханасының бастығы                              Е.В. Кирилловтың және бериллий зертханасының бастығы С.В. Ударцевтің тұлғасындағы мамандардың сапары өтті.

Сапардың мақсаты 2022-2024 жылдарға арналған бірлескен зерттеулердің перспективалық тақырыптарын талқылау және ҚР ҰЯО РМК тәжірибелік және талдамалық жабдықтар паркімен таныстыру болды. Сапар барысында «ҮМЗ» АҚ мамандары «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінің ядролық және термоядролық техникасының конструкциялық материалдарын эксперименттік зерттеумен айналысатын ғылыми зертханаларға, КТМ Токамак материалтану кешеніне және Семей сынақ полигонының мұражайына барды.

Дөңгелек үстел басында Ғылыми орталық пен Атом энергиясы институтының өкілдері кәсіпорындар үшін жалпы бағыттылығы бар ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәселелерін талқылады: отынның жаңа үлгілерін зерттеу және сынау, ИГР зерттеу реакторына арналған ТБУ отын алу технологиясын әзірлеу, ядролық энергетикалық қондырғыларда сәулеленген бериллийді тазарту технологиясын әзірлеу, ИТЭР бірінші қабырғасының қаптама материалына шекті жылу жүктемелерінің және плазмалық-шоқты әсерлердің әсерін эксперименттік зерттеу.

Қорытындылай келе, мамандар коммерцияландыру үшін бірлескен жобаларды әзірлеу, халықаралық жобаларға қатысу, гранттар алу және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру сияқты мәселелерді талқылау мақсатында консультациялық техникалық кездесулер өткізуге қызығушылық танытты.