Close

16.10.2025

Ғылыми атақтың берілуімен құттықтаймыз!

ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының директоры Виктор Владимирович Баклановты 10200 – Физика ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 13.10.2025 жылғы № 1834 бұйрығы ресми сайтта жарияланған.

Виктор Владимирович ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалында 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Оның ғылыми мүдделері өзекті бағыттардың кең спектрін қамтиды: радиациялық материалтану, ядролық реакторлардың қауіпсіздігі, пайдаланылған ядролық отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, жаңа материалдар синтезінің технологиялық негіздерін әзірлеу және т.б.

Ол 130-дан астам ғылыми жарияланымның авторы және бірлескен авторы болып табылады, оның ішінде: өнертабыстар мен пайдалы модельдерге 8 патент; Scopus және Web of Science дерекқорларына кіретін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған 15-тен астам мақалалар. Индекс Хирша – 9.

Виктор Владимировичті сіңірген еңбімен шын жүректен құттықтаймыз!

Кәсіби қызметте одан әрі табыстар, ғылыми жаңалықтар, жаңа идеялар мен жетістіктер тілейміз!