Close

18.06.2025

Философия докторы (PhD) диссертациясын сәтті қорғауыңызбен құттықтаймыз

2025 жылғы 13 маусымда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жанындағы диссертациялық кеңесте ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының арнаішілік сынақтар зертханасының ғылыми қызметкері Самарханов Куаныш Қанатұлы «8D05301 – Физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «6Li(n,α)3H ядролық реакция өнімдерінің энергиясының оптикалық сәулелену энергиясына айналу процестерін эксперименттік зерттеу» тақырыбындағы диссертацияны сәтті қорғады.

Диссертациялық жұмыс «С. Аманжолов атындағы ВКУ» КЕАҚ физика және технологиялар кафедрасында орындалды.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Мажын Канапинович Скаков – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰҒА академигі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас ғылыми қызметкері, Курчатов қаласы, Қазақстан;
  2. Эрлан Ғадлетович Батырбеков – Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры, Курчатов қ., Қазақстан;
  3. Александр Васильевич Градобоев – техника ғылымдарының докторы, «Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті» ФМДЖББМ эксперименттік физика бөлімінің профессоры, Томск қаласы, Ресей.

Әріптесімізді философия докторы (PhD) дәрежесінің берілуімен құттықтаймыз. Кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!