Close

19.11.2025

ПЯО және РАҚ жұмыс істеу мәселелері бойынша халықаралық семинарға қатысу

2025 жылғы 13-14 қарашада Астанада ядролық отын циклінің ядролық инфрақұрылымын дамыту, пайдаланылған ядролық отынмен (ПЯО) және радиоактивті қалдықтармен (РАҚ) жұмыс істеу мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бейінді ұйымдарының өкілдерін, АЭХА сарапшыларын, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Арменияның реттеуші және салалық құрылымдарының мамандарын біріктірді.

Семинар барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ПЯО және РАҚ-пен жұмыс істеу саласындағы ұлттық саясатты қалыптастыру тәсілдері, сондай-ақ осы саладағы стратегиялық жоспарлау мен заманауи технологияларды дамытудың негізгі мәселелері талқыланды.

Халықаралық қауіпсіздік талаптарына, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің қазіргі заманғы тәжірибелерін енгізу мысалдарына және ТМД елдерінде нормативтік-құқықтық реттеуді талдауға ерекше назар аударылды.

ҚР ҰЯО РМК-дан қатысты:

  • В.А. Поспелов, «Атом энергиясы институты» филиалының ядролық қауіпсіздік және атом энергиясын дамыту бөлімінің бастығы, «БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынымен жұмыс істеу» баяндамасымен сөз сөйледі;
  • Ю.Ю. Бакланова, «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтар бөлімінің бастығы, «ҚР ҰЯО РМК зерттеу реакторларының ПЯО-мен жұмыс істеудің қолданыстағы концепциясы» баяндамасын ұсынды.

Семинар қорытындысы бойынша ТМД БҰ шеңберінде ПЯО-мен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар жасалды, олар бірлесіп дайындалған құжатта көрініс табатын болады.