Close

04.04.2022

Мухамедова Нурияның диссертация қорғауы

2022 жылғы 01 сәуірде «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңестің кезекті отырысында ҚР ҰЯО РМК Бас директоры Э.Ғ. Батырбековтың төрағалығымен философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нурия Мейрамкановна Мухамедованың «Техникалық физика мамандығы бойынша «Кремний негізіндегі материалдың құрылымдылық-фазалық жай-күйін және физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы сәтті қорғалды. 

Диссертация «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ «Техникалық физика және жылу энергетикасы» кафедрасында орындалды.

Ресми рецензенттер:

  1. Сакенова Римма Ерболаткызы – PhD, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ физика және технологиялар кафедрасының меңгерушісі (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы);
  2. Шаймерденов Асет Абдуллаевич – PhD, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК Атом энергиясы қауіпсіздігінің проблемалары зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).

Ғылыми кеңесшілер:

Скаков Мажын Канапинович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, бас ғылыми қызметкер, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК (Қазақстан Республикасы, Курчатов қаласы);

Курбанбеков Шерзод Рустамбекович – PhD, «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» КЕАҚ, физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

Wojciech Wieleba – техника ғылымдарының докторы, машина конструкциялары негіздері және трибология кафедрасының профессоры, Вроцлав ғылым және технологиялар университеті (Вроцлав қ., Польша).

Әріптесімізді табысты қорғаумен құттықтаймыз және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!