Close

18.04.2024

«Жас ғалымдар саммиті – 2024»

Ғылым және космонавтика күні – 2024 жылғы 12 сәуірде Астана қаласында Astana IT University базасында «Жас ғалымдар саммиті – 2024» жас ғалымдар саммитінің ашылуы өтті. Саммитте Ұлттық ядролық орталықтың өкілдері ретінде «Атом энергиясы институты» филиалының жас ғалымдары Мухамедова Нұрия Мейрамқанқызы – PhD, термоядролық реактор жағдайындағы материалдарды сынау зертханасының аға ғылыми қызметкері және Сураев Артур Сергеевич – PhD, радиациялық құрылғылардың жылу-физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері болды.

Бұл жыл сайынғы іс-шара Қазақстан Республикасының әртүрлі ғылыми салалардағы дарынды жас ғалымдарын біріктірді және идеялармен алмасу, ғылыми-технологиялық жобалармен бірлесіп жұмыс істеу және елдегі ғылымның даму мүдделері мен пайымдауларын талқылау үшін платформа болды. Саммиттің негізгі міндеті – жас ғалымдар арасындағы өзара іс-қимылды ынталандыру, оларға әртүрлі пәндер бойынша тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік беру.

Саммиттің бірінші бөлімі интерактивті сұрақ-жауап сессиясы форматында өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөзімен ашты. Спикерлер ретінде ҚР ҒЖБМ жанындағы жас ғалымдар кеңесінің бірінші құрамының қатысушылары: Жақсылық Сабитов, Иван Трусов, Әлия Әлжанова және Нұрхат Жақиев сөз сөйледі. Қысқаша сөз сөйлегеннен кейін саммитке қатысушылар спикерлерге өзекті тақырыптарға, атап айтқанда: конкурстық өтінімдер мен есептерге сараптама жүргізудің ерекшеліктері мен мерзімдеріне; жобаларды коммерцияландыру және бизнес-инвесторларды тарту проблемаларына; конкурстық өтінімдерді дайындау және беру сапасына; постдокторантура шеңберінде жас ғалымдардың даму мүмкіндіктеріне; ұрпақтар сабақтастығына; шетелдік ғалымдармен қарым қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ағылшын тілін үйренудің маңыздылығы және т.б. Сонымен қатар, қатысушыларға Ғылым комитетінің, Ғылым қорының және Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының өкілдеріне сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.

Іс-шара ҚР ҒЖБМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің кезекті (үшінші) құрамын жария етумен аяқталды.

Саммиттің екінші бөлімі Түркістан қаласында 25 және 26 сәуірде Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен серіктестікте өтеді және воркшоптарды, нетворкингпен жас ғалымдардың жобаларының тұсаукесерлерін және Жапониядан келген сарапшылармен кездесулерді қамтиды. Тақырыптарға пәнаралық ынтымақтастық, халықаралық ынтымақтастық, жасанды интеллект және ғарыш, климаттың өзгеруі, денсаулық сақтау және медицина, ғылым мен өнеркәсіптің ынтымақтастығы, ғылым мен технологияның болашақ даму тенденциялары кіреді.