Close

23.12.2021

Диссертация қорғау

2021 жылғы 22 желтоқсанда «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңестің кезекті отырысында ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ. Батырбековтың төрағалығымен 6D072300 – Техникалық физика мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Витюк Галина Анатольевна «Импульсті графитті реактордағы сәулелендіру эксперименттеріндегі твэлдердің параметрлерін зерттеу» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады.

Диссертация «Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ «Физика» кафедрасында орындалды.

Ресми рецензенттер:

  1. Шаймерденов Асет Абдуллаевич, PhD, атом энергиясы қауіпсіздігінің проблемалары зертханасының меңгерушісі, «Ядролық физика институты» РМК, (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
  2. Борисова Нина Гавриловна, физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының доценті, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).

Ғылыми кеңесшілер:

Скаков Мажын Канапинович-физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас ғылыми қызметкері (Курчатов қ., Қазақстан Республикасы);

Градобоев Александр Васильевич, техника ғылымдарының докторы, эксперименталды физика бөлімінің профессоры, «Томск ұлттық зерттеу политехникалық университеті» ЖКББ ФМАББМ, (Томск қ., Ресей Федерациясы).

Әріптесімізді табысты қорғаумен құттықтаймыз және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!