Close

04.09.2025

Вячеслав Сергеевич Гныряны кандидаттық диссертациясын қорғауымен құттықтаймыз!

2025 жылғы 3 қыркүйекте «Атом энергиясы институты» филиалы директорының сынақтар жөніндегі орынбасары Гныря Вячеслав Сергеевич техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады! Қорғау Томск политехникалық университетінің (Томск қ., РФ) жанындағы диссертациялық кеңестің отырысында өтті. Вячеслав Сергеевичті «Гамма-нейтронды реакторлық сәулелендіру кезінде оптикалық талшықты жарық өткізгіштердің радиациялық беріктігін зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

Барлық ғылыми бастамаларыңызға шығармашылық табыс, зор денсаулық пен амандық тілейміз!