Close

27.11.2025

«Бірге! Бір толқында!» жастар форумы

26 қарашада Семей қаласында «Бірге! Бір толқында!» дәстүрлі жастар форумы өтті.

Шараға жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен өңірдің белсенділері қатысты. Форум аясында облыстың үздік жас мамандары марапатталып, оларға Абай облысы әкімінің сыйлықтары мен наградалар табысталды.

ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институты филиалының қызметкері Оспан Өкен «Жылдың жас еңбек адамы» сыйлығының иегері атанды.

Өкен Оспанды сіңірген еңбегімен құттықтаймыз және кәсіби қызметінде одан әрі табыс тілейміз!