«Ашық алаң» ток-шоуының тікелей эфиріне қатысу
14 сәуірде «Қазақстан» телеарнасында «Ядролық ғылым мен ядролық технологиялардың экономиканың әртүрлі салаларын дамытуға қосқан үлесі» тақырыбында «Ашық алаң» ток-шоуының тікелей эфирі өтті. Ток-шоуға директордың материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары Е.Т. Коянбаев және термоядролық реактордың жағдайында материалдарды сынау зертханасының бастығы А.Ж. Миниязов қатысты.
Тікелей эфирде қатысушылар атомды бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерін талқылады, атап айтқанда қазіргі әлемде ядролық технологиялар қорғаныс секторында ғана емес, сондай-ақ медицина мен ауыл шаруашылығында да кең қолданыс тапқанын атап өтті. Бұдан басқа, сарапшылар ядролық ғылымның бүгінгі жағдайы, оның проблемалары мен жетістіктері туралы да айтты.
Тікелей эфир жазбасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады https://www.youtube.com/watch?v=nYfuvxXo1vk