Аргонн ұлттық зертханасы (АҰЗ) қызметкерлерінің сапары, 2025 жылғы 21-24 шілде
2025 жылғы 21-24 шілде аралығында Аргонн ұлттық зертханасы (АҰЗ) өкілдерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына (ҚР ҰЯО) сапары өтті. Сапар аясында АҰЗ және ҚР ҰЯО мамандары арасында бірқатар техникалық кездесулер өткізілді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты ҚР ҰЯО әзірлеп жатқан технология бойынша жасалатын ИГР реакторын конверсиялау үшін төмен байытылған (ТБУ) жоғары температуралы графитті отынды әзірлеу және сынау жөніндегі жұмыс жоспарын талқылау болды. Қызмет АҰЗ мен ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы арасындағы негізгі негіздемелік келісімшартқа сәйкес іске асырылатын конверсия бойынша бірлескен бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.
Сапар серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға және ядролық қауіпсіздік пен таратпау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдарды келісуге ықпал етті.


