Ғылыми жетістіктердің жоғары бағасы: Нурия Мұхамедоваға қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді
Перспективалы материалдар зертханасының бастығы Нурия Мейрамкановна Мухамедованы 10200 – Физика ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 08.06.2026 жылғы № 406 бұйрығы.
Нурия Мейрамкановна 2014 жылдан бастап ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалында жұмыс істейді. Ғылыми мүдделердің негізгі саласы – энергетикалық қолданулар үшін қазіргі заманғы конструкциялық және функционалдық материалдарды зерттеу және әзірлеу. Орындалатын зерттеулер материалдардың қасиеттерін жетілдіруге және оларды жоғары технологиялық энергетикалық қондырғыларда практикалық қолдану салаларын кеңейтуге бағытталған. Әзірленіп жатқан шешімдер энергетикалық технологиялардың тиімділігін, сенімділігін және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. 60-тан астам ғылыми еңбектің бірлескен авторы болып табылады.
Нурия Мейрамкановнаны осы лайықты марапатпен құттықтаймыз! Бұл кәсібиліктің, көп жылдық жемісті еңбектің және отандық ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесінің жоғары танылуы. Мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жаңа ғылыми жетістіктер, перспективалы жобаларды табысты іске асыру және одан әрі кәсіби жеңістер тілейміз!
