Close

27.06.2025

ТМД елдерінің жас ғалымдарының 18-ші тағылымдамасы

25 мамырдан 23 маусымға дейін Дубна қаласында (Мәскеу облысы) Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры мен Біріккен ядролық зерттеулер институтының қолдауымен ТМД Халықаралық нанотехнологиялар инновациялық орталығы (ТМД ХНТИО) ұйымдастырған ТМД елдерінің жас ғалымдарының 18-ші тағылымдамасы өткізілді. Тағылымдамаға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен келген 22-35 жас аралығындағы ғылыми қызметкерлер қытысты.

Тағылымдама бағдарламасы бойынша институттың барлық зертханаларына экскурсия жүргізілді, жетекші ғалымдар іргелі зерттеулер саласындағы жетістіктер  мен БЯЗИ ғылыми зерттеулеріндегі пәнаралық байланыс туралы дәріс оқып, консультация берді. Сондай-ақ тағылымдама шеңберінде ерекше «Дубна» экономикалық аймағында, қаланың инноавациялық кәсіпорындарында және «Дубна» мемлекеттік университетінде болды.

Қатысушылардың алған білімі мен тәжірибесі қолданыстағы әдістерді кеңейтуге және болашақтағы ғылыми қызметтері үшін жаңа байланыс табуға мүмкіндік береді.