Ядролық материалдар жөніндегі халықаралық конференция (NuMat 2024), Сингапур
2024 жылғы 14.10. – 17.10. аралығында Сингапурда Ядролық материалдар жөніндегі халықаралық конференция (NuMat 2024) өтті.
NuMat ядролық және термоядролық энергетикалық технологиялар үшін материалдарды зерттейтін, әзірлейтін және сипаттайтын мамандар үшін ірі халықаралық конференция және жетекші платформа болып табылады. Екі жылда бір рет өткізілетін конференция ядролық материалдар, атап айтқанда ядролық отын, конструкциялық материалдар, сондай-ақ металдардағы, керамикадағы, полимерлердегі және функционалдық материалдардағы іргелі және қолданбалы радиациялық әсерлер бойынша мамандар қоғамдастығы үшін қызығушылық тудыратын кең тақырыптарға арналған.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы Атом энергиясы институтының филиалының атынан ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының каналішілік сынақтар зертханасының бастығы Юрий Николаевич Гордиенко және ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының каналішілік сынақтар зертханасының ғылыми қызметкері Қуаныш Қанатұлы Самарханов қатысты.
Юрий Николаевич Гордиенко термоядролық реакторлардың қатты денелі бридерлік бланкеттерінің функционалдық материалдарының, атап айтқанда, химиялық белсенді қоспалардың түрлі концентрациялары бар инертті ортада үрлеу жағдайында бериллий, титан Be12Ti бериллиді негізінде бинарлық интерметалдық қосылыстар жоғары температуралық коррозиясы процестерін зерттеу бойынша эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін ұсынды. Конференцияда ұсынылған жұмыстар «Түрлі газ ортасында термоядролық реакторлардың қатты денелі бридерлік бланкеттерінің функционалдық материалдарын жоғары температурада сынау» тақырыбы бойынша ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобасын (грант нөмірі АР14870785) іске асыру шеңберінде орындалды.
Қуаныш Қанатұлы Самарханов ИГР реакторының жоғары байытылған сәулеленген уран-графит отынын иммобилизациялаудың технологиялық процесін әзірлеу және оңтайландыру бойынша нәтижелер ұсынылды. Конференцияда ұсынылған жұмыстар «Қазақстан Республикасында атом электр станциясын салу және оның қауіпсіз жұмыс істеуін қолдаудағы зерттеулер» (ИРН BR21882185) тақырыбы бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды іске асыру шеңберінде орындалды.
Іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін, әрбір қатысушыға кәсіби және жеке көзқарасты, жалпы, конференцияның қызықты бағдарламасын, қызықты пленарлық және секциялық баяндамаларды атап өткім келеді.


