ҚР ҰЯО Семей сынақ полигонының жабылуының 35 жылдығына арналған іс-шараға қатысты
28 тамызда Павлодар облысының Көктөбе ауылында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 35 жылдығына орайластырылған «Қазақстан – ядролық қаруы жоқ ел» тарихи-ағартушылық іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының өкілдері қатысып, ҚР ҰЯО-ның ядролық сынақтардың салдарына, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану технологияларын дамытуға байланысты міндеттерді шешудегі рөлі туралы баяндама жасады.
Іс-шараға қатысушылар Семей сынақ полигонын жабудың тарихи мәнін, ядролық сынақтардың салдарын есте сақтауды және Қазақстанның атом энергиясын таратпау және бейбіт мақсатта пайдалану қауіпсіздігін дәйекті түрде қолдайтын мемлекет ретінде одан әрі дамуын талқылады.
Бүгінде Қазақстан жинақтаған бірегей тәжірибе отандық атом ғылымын, қазіргі заманғы технологияларды одан әрі дамыту және жаңа ғылыми құзыреттерді қалыптастыру үшін негіз болып отыр.


